BNP Paribas Open: Зарина Диас әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсқа қарсы кортка шығады
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымына шықты. Турнирдің жүлде қоры 5,4 миллион АҚШ долларын құрайды.
Екінші айналымында хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:3 есбеімен ұтты. Қос теннисші жыл басында Қытайда өткен турнирде кездесіп, екі сетте Зарина Диас басым түскен.
Зарина үшінші айналымда әлемнің және турнирдің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен шеберлік байқасады. Серена бүгін румыниялық Моника Никулескуді 7:5, 7:5 есебімен ұтты.
Ал, осы турнирге қатысып жатқан тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бірінші айналымда чехиялық Тереза Шмиткованы екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға өтті. Юлия екінші айналымда сербиялық әлемнің алтыншы ракеткасы Ана Ивановичпен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00