Зарина Диас BNP Paribas Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінің төртінші айналымына өте алмады. Турнирдің жүлде қоры 5,4 миллион АҚШ долларын құрайды.
Зарина үшінші айналымда әлемнің және турнирдің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен шеберлік байқасаып, екі сетте – 6:0, 6:0 есебімен ұтылып қалды.
Екінші айналымында хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Сонымен, Зарина Диас әлемдік рейтингтің көш басында келе жатқан үш теннисшімен де кездесіп көрді. «Australian Open» турнирінде әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповадан екі сетте жеңілген. Сондай-ақ, өткен жылы әлемнің үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халептен екі рет кездесіп, екеуінде де ұта алмаған. Ал, әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына кіретін германиялық Андреа Петковичті ұтқан.
Ал, осы турнирге қатысып жатқан тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екінші айналымда сербиялық әлемнің алтыншы ракеткасы Ана Ивановичтен 6:3, 6:1 есебімен ұтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35