Александр Недовесов Гуанчжоуда өткен жұптық жарыста жеңімпаз атанды
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов испаниялық Даниэль Муньоспен бірге Гуанчжоу қаласында өткен «Челленджер» сериясының жұптық турнирінде топ жарды. Қытайда аяқталған жарыстың жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары.
Жұптық сайыстың финалында Недовесов пен Муньос франциялық Фабрик Мартин мен үнділік Пурава Раджа жұбын 6:2, 7:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы айналымында италиялық Рикардо Гнедин мен бразилиялық Андре Гемадан 6:7, 6:4, 10:7 есбімен басым түскен. Ширек финалда нидерландтық Весли Колхоф пен Матвей Миделлкопты 6:1, 4:6, 10:6 есебен жеңген.
Ал, жартылай финалда олар турнирдің басты фавориттері ұлыбританиялық Колин Флеминг пен Джонатан Маррейді үш сетте 7:6, 2:6, 10:7 есебен ұтқан еді.
Фото: ktf.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35