Денис Евсеев Испаниядағы ITF сериясындағы турнирдің жұптық бәсекесінде 1/4 финалға шықты
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев бельгиялық Александр Фолимен жұптасып, Испанияда өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты. Жарыстың жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары.
Турнирдің бірінші айналымында Евсеев/Фоли жұбы Гонсало Оливейра (Португалия) мен Мэттью Роуды (Франция) 6:4, 3:6, 10:6 есебімен ұтқан.
Енді Евсеев/Фоли жұбы Хуан Мартинес пен Джимми Гарсиамен (екеуі де – Испания) кездеседі.
Осыған дейін Евсеев осы турнирдің жекелей сынындағы жарыстан шығып қалған еді. Ол испаниялық Мигель Семмлерге 6:7, 3:6 есебімен есе жіберген.
Фото: ktf.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35