Зарина Диас Германиядағы турнирдің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Зарина Диас PORSCHE TENNIS GRAND PRIX турнирінің екінші кезеңіне шықты. Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан жарыстың жүлде қоры – 731 мың еуро.
Турнирдің бірінші айналымында Зарина Диас германиялық Сабин Лисицкиді 6:0, 6:0 есебімен жеңген. Енді отандасымыз италиялық Сара Эрранимен кездеседі.
Жарыстың екінші кезеңіне шығу арқылы Зарина Диас 8 мың 258 еуро мен WTA рейтингісінде 55 ұпай иеленді.
Айта кетейік, PORSCHE TENNIS GRAND PRIX – 1978 жылдан бері Штутгарттың құмды корттарында ұйымдастырылып келе жатқан әйелдер арасындағы кәсіби турнир. Бұл жарысты соңғы рет 2014 жылы ресейлік Мария Шарапова ұтқан еді. Ол бұл турнирде үш рет жеңіске жеткен. Ал, турнирдің жұптық сайысында 2014 жылы италиялықтар Сара Эррани мен Роберта Винчи жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00