Юлия Путинцева Нюрнберг турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нюрнберг қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.
Дүниежүзілік рейтингте 105-інші орында тұрған Ю.Путинцева екінші айналымда нидерландтық, әлемнің 90-ыншы ракеткасы Кики Бертенспен кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, К.Бертенс бірінші айналымда қазақстандық Ярослава Шведованы ұтқан.
Енді жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің жартылай финал жолдамасы үшін Ю.Путинцева жарыстың 6-шы ракеткасы, италиялық Карин Кнаппен ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35