Ролан Гаррос-2015. Зарина Диас Дина Пфиценмайерді ұтып, екінші айналымға шықты
Франция астанасы Парижде теннистен атақты «Ролан Гаррос» турнирі өтуде. Қыздар арасындағы жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық Зарина Диас германиялық Дина Пфиценмайермен кездесті.
Ойын басында 0:4 есебімен ұтылып жатқан Зарина қатарынан 11 геймде басым болып, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
1 сағат 9 минутқа созылған кездесуде Зарина 5 брейк, ал Д.Пфиценмайер екі рет брейк жасады. Айта кетейік, Зарина Диас әлемнің 32-ші ракеткасы. Дина Пфиценмайер әлемдік рейтингте 145-ші орында.
Енді отандасымыз екінші айналымда словакиялық Анна Шмидлова мен бельгиялық Алисон ван Уйтванк жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, осыған дейін «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да шыққан еді.
Париждегі теннистен «Ролан Гаррос» жарысын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00