Теннистен әйелдер және ерлер арасындағы «Уимблдон – 2015» турниріне жеребе тартылды
Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас «Уимблдон» турнирінің алғашқы айналымында италиялық теннисші Флавия Пеннеттамен сынға түседі. З.Диас әлемнің 34-ракеткасы болса, 33 жастағы Пеннетта 24-орында. Екі теннисші бір-бірімен әлі ойын өткізбеген.
Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда хорватиялық теннисші Мирьян Лючич-Баронимен кездеседі. 27 жастағы Я.Шведова әлем рейтингінде 77-орында болса, қарсыласы Лючич-Барони 54 орында.
Ал, тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева Жаңа Зеландия спортшысы Марина Эраковичке қарсы кортқа шығады. 20 жастағы Ю.Путинцева рейтингте 95-орыда, ал, Эракович - 86-сатыда орналасқан.
Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда осы турнирдің 2013 жылғы чемпионы британиялық – Энди Марреймен кім мықтыны анықтайды.
Александр Недовесов негізгі айналымға іріктеу кезеңі арқылы қатысады. Ол сербиялық теннисші Виктор Троицкимен ойнайды.
«Уимблдон – 2015» турнирі 29 маусыммен 12 шілде аралығында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00