Александр Недовесов ATP рейтингісінде 20 орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Кәсіпқой-теннисшілер Ассоциациясында (АТР) 20 орынға көтерілді.
Өткен аптада А.Недовесов Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында Дэвис Кубогының ширек финалында Австралия теннисшілеріне қарсы ойнаған еді.
Ол алғашқында Австралия құрамасының №1 ракеткасы Ник Кирьосты ұтса, шешуші матчта Ллейтон Хьюитке есе жіберді.
Енді жаңартылған АТР рейтингісінде А.Недовесов үздік 100 теннисшінің қатарына қосылып, 95-ші орынға тұрақтады.
Ал, Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Дэвис Кубогында бір рет жеңіп, бір ұтылғаннан кейін бес сатыға көтеріліп, қазір 58-ші орында. Андрей Голубев болса 156-шы орыннан көрінді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00