М.Шарапова АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысудан бас тартты
Ресейлік атақты теннисші, әлемнің 3-ші ракеткасы Мария Шарапова бүгін басталатын АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысудан бас тартты.
М.Шарапова Уимблдон турнирінен бері ойнамаған. Цинциннати жарысында оң аяғының жарақатына байланысты кортқа шыға алмаған еді.
Мәлімдемесінде Мария АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысу үшін бәрін жасағанымен, уақыттың жетпегенін айтқан. Енді ол бірнеше аптадан кейін Азия турнирлерінде бақ сынамақ.
М.Шарапованың орнына тағы бір ресейлік Дарья Касаткина ойнайтын болды, ол австралиялық Дарья Гавриловамен кездеседі.
Еске сала кетейік, US Open турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-інші ракеткасы Зарина Дияс словениялық Полона Херцог, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева украиналық Катерина Бондаренкомен шеберлік байқасады. Ал Ярослава Шведова іріктеу сайыстарынан өте алмады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35