Теннистен Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Дэвис Кубогында Сербияға қарсы ойнайды
Әлемдік топтың жеребесі бүгін Чилиде тартылды. Теннистен Қазақстан Ұлттық құрамасы Дэвис Кубогының 1/8 финалында Сербия құрамасымен ойнайды. Кездесу 2016 жылдың 4-6 наурызында Сербияда өтеді.
Сербия құрамасы 2010 жылы Дэвис Кубогында жеңіске жеткен. Бұл құраманың басты жұлдызы – Новак Джокович. Ол – әлемнің бірінші ракеткасы.
Еске сала кетейік, Дэвис Кубогы турнирінің биылғы кезеңінеде қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Австралия құрамасына ұтылып қалған еді.
Дэвис Кубогы – теннистен әлемдегі ерлер арасындағы ірі командалық турнир. Бұл турнир 1900 жылдан бері ойналып келеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – Швейцария құрамасы саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35