Australian Open – 2016. Зарина Диас америкалық теннисші Мэдисон Кизден ұтылып қалды
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Австралия Ашық чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды.
Әлемнің 57-ракеткеткасы Зарина Диас бірінші айналымда әлем рейтингінде 17-орында тұрған америкалық теннисші Мэдисон Кизбен кездесіп, 6:7, 1:6 есебімен қарсыласына жол берді.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы бәсекеде еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин де португалиялық теннисші Жоау Соузеден 3:6, 4:6, 3:6 есебімен ұтылды.
Ал, тағы бір қазақстандық теннсиші Ярослава Шведова турнирдің келесі айналымына өтті. Ол бірінші айналымда болгариялық теннисші Цветана Пиронкованы екі сетте 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Австралия Ашық чемпионатының екінші айналымына Ярослава Шведовадан бөлек Юлия Путинцева да шыққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35