Зарина Диас пен Ярослава Шведова Федерация Кубогында жеңіске жетті
Қазақстандық теннисшілер Тайландта өтіп жатқан Азия және Тынық Мұхиты Федерация Кубогында оңтүстіккорялық теннисшілерді ұтты.
Алғаш Ярослава Шведова (әлемнің 83 ракеткасы) кореялық теннисші На-Лэ Ханді (242) екі сетте 7:5, 6:3 ұтты. Ал, Зарина Диас (69) Чон-Чан Содан (190) екі сетте 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.
Жұптық бәсекеде Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева кореялық теннисшілер На-Лэ Хан мен Со-Ра Лиге қарсы ойнауы керек еді, бірақ алғашқы екі ойында қазақстандық теннисшілер жеңіске жеткен соң бұл ойын өтпеді.
Айта кетейік, ертең қазақстандық теннисшілер Қытай Тайпейі спортшыларымен ойнаса, 5 қаңтар күні Қытай теннисшілеріне қарсы кортқа шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00