Дэвис Кубогы. Новак Джокович Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын Сербия командасының сапына енді
Дэвис Кубогында бақ сынайтын теннистен Қазақстан мен Сербия құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.
Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.
Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.
Еске сала кетейік, 4-6 наурыз аралығында Белградта (Сербия) Қазақстан Ұлттық құрамасы Сербиямен Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалында кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан 6 жыл қатарынан теннистің әлемдік элитасында бақ сынауда. Соның 4-інде турнирдің ширек финалына жеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35