Зарина Диас WTA рейтингінде 95-орынға төмендеді
Теннистен Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Зарина Диас WTA рейтингінде 11 саты төмендеп, 95-орынға тұрақтады.
Өткен аптада Зарина Диас Дохада өткен турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалған болатын. Сөйтіп, бұл аптадағы жаңартылған рейтингте 95-орыннан көрінді.
Ал, Қазақстанның қазіргі бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Доха турнирінің екінші айналымына дейін жетіп, рейтингтегі орнын жақсартып алды. Юлия Путинцева жаңартылған рейтингте 1 саты жоғарылап, 55-орынға көтерілді.
Ярослава Шведова жаңартылған рейтингте 72-орында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35