Дэвис Кубогы. Қазақстандық теннисшілер Сербия құрамасынан жеңіліп қалды
Белградта (Сербия) Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан арасындағы ойындар аяқталды.
Сербия мен Қазақстан арасындағы бірінші ойында Қазақастан құрамасының теннисшісі Александр Недовесов әлемнің №1 ракеткасы серб Новак Джоковичтан ұтылып қалған болса, екінші ойында Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді ұтқан еді.
Ал, қос ел арасындағы үшінші жұптық ойында Қазақстан құрамасы сапынан кортқа Александр Недовесов/Андрей Голубев ал, сербиялықтардан Новак Джокович пен Ненад Зимонич шыққан болатын. Үш сетке созылған ойында қазақстандық теннисшілер 3:6, 6:7, 5:7 есебімен жеңіске жетті.
Сербия-Қазақстан арасындағы төртінші ойында Новак Джокович пен Михаил Кукушкин күш сынасқан. Нәтижесінде Новак Джокович жерлесіміз Михаил Кукушкинді 6:7, 7:6, 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Ал, Виктор Троицки – Александр Недовесов арасындағы соңғы бесінші ойында серб теннисшісі 6:2, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сербия-Қазақстан арасындағы жалпы есеп – 3:2. Сербия құрамасы Дэвис Кубогының келесі кезеңіне шықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35