Майами турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
Майами қаласында (АҚШ) 22 наурыз - 3 сәуір аралығында теннистен өтетін ірі халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда америкалық Николь Гиббзбен кездеседі. Осының алдында Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында Н.Гиббз қазақстандық Ярослава Шведованы 6:0, 6:4 есебімен жеңген болатын. Енді Юлияға қарымта қайтарудың мүмкіндігі келіп тұр.
Зарина Диас белоруссиялық Ольга Говорцовамен, Галина Воскобоева биылғы Австралия Ашық чемпионатында жарақат алып қалып, кортқа қайта оралған франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасады.
Қазақстанның үш теннисшінің қатарына іріктеу сайыстарынан өтсе, Ярослава Шведова да қосылуы әбден мүмкін.
Майами турнирінің жүлде қоры 6,1 млн астам АҚШ долларын құрайды.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30