Юлия Путинцева WTA рейтингінде 35-ші орынға көтерілді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева спорттық мансабында алғаш рет Қыздар теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 35-ші орынға көтерілді.
Францияда өткен «Ролан Гаррос» турнирінде Юлия Путинцева ширек финалға өтіп, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямстан жеңіліп қалған еді.
«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыққаны үшін Ю.Путинцева бірден 25 сатыға көтеріліп, 35 орынға тұрақтады. Бұған дейін 21 жастағы қазақстандық теннисшінің рейтингтегі үздік көрсеткіші 53-ші орын болған еді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева 35-ші орынға көтеріліп қана қоймай, Рио Олимпиадасының жолдамасын да иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35