Қазақстандық теннисшілер «Президент Кубогы-2016» турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстандық Александра Гринчишина мен Гозаль Айнитдинова «Президент Кубогы-2016» халықаралық турнирінің ширек финалына өтті.
Александра Гринчишина қарсыласы турнирдің екінші ракеткасы ресейлік Алена Тарасованы 6:4, 4:6, 6:1 есебімен жеңген болатын. Қазақстандық спортшы ширек финалда ресейлік Валерия Савиных немесе Ольга Дорошинамен ойнайды.
Александра Гринчишина: «Мен бүгін жеңіске жеткеніме қуаныштымын, себебі барлығы - лайықты қарсыластар. Әрбір ойынға жете дайындаламын. Турнирлік кесте бойынша арықарай өте алам деген үміттемін».
Екінші айналымдағы ойында Гозаль Айнитдинова ресейлік Ольга Пучковадан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Гозаль ширек финалда Полина Монова (Ресей) - Анжелика Исаева (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы «Президент Кубогы-2016» турнирінің барлық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35