«Президент Кубогы – 2017» халықаралық турнирін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
«EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласының Ұлттық Теннис Орталығында ATP Challenger және ITF Women’s сериясының XIX «Президент Кубогы – 2017» халықаралық турнирі өтуде.
Турнирге 30 елден келген 200 теннисші қатысуда. Олардың ішінде әлем рейтингісінің ТОП -100 теннисшілері бар. Қазақстан теннисшілерінен Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Бублик, Анна Данилина және Камила Керимбаева қатысуда. Сонымен қатар, 17-23 шілде аралығында «Astana Masters 12&under President’s Cup» балалар турнирі мен әуесқой теннисшілер арасындағы «Astana Open» турнирі өтеді.
Теннис додасын «Kazsport» телеарнасы 22-23 шілде күндері 10:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35