Басты Жаңалықтар Қазақстандықтар Әлем чемпионатында 16 медаль алды

Қазақстандықтар Әлем чемпионатында 16 медаль алды

Қазақстандықтар Әлем чемпионатында 16 медаль алды

Болгарияның Албена қаласында бокстан жастар мен жасөспірім қыздар арасында өткен Әлем чемпионатында еліміздің спортшылары 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты. 69 келі салмақ дәрежесінде Гауһар Ермекбай жастар арасындағы Әлем чемпионы атанды. Ол кездесулердің бәрінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, мықтылығын дәлелдеді. 1995-1996 жылы туған спортшылар арасындағы сайыста Айдана Арапбаева (60 кг) күміс жүлде алса, Алуа Балқыбекова(48 кг), Валентина Хальзова (75 кг) және Анастасия Рылина (81кг) қола жүлденің иегерлері атанды. 1997-1998 жылы туған жасөспірімдер арасында Назерке Жорғараева(46 кг), Асыл Асқарова (48 кг), Балауса Мұздыман (54 кг), Любовь Хасиева (66 кг), Ақмарал Шамшиденова (80 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола медаль Әйгерім Ошақбай (52 кг), Назым Ишанова (57 кг), Екатерина Анисимова (60 кг), Аида Абикеева (63 кг), Баян Ақбаева (70 кг) мен Алтын Мұқышбекованың (75 кг) еншісінде. Әлемдік біріншілікке 32 елден 299 спортшы қатысты.

Бөлісу