Головкин Мейвезерді нокаутқа жіберуге дайын
WBA чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес өзінің шәкірті өз салмағы бойынша үздік бестікке енген боксшылардың барлығын жеңетініне сенімді.
«Біз екінші орта салмақта Андре Уордпен (АҚШ) шаршы алаңға шығу жөнінде айтып жүрміз. Жартылай ауыр салмақта Флойд Мейвезерменде (АҚШ) жұдырықтасуға дайынбыз. Алайда, олардың біреуі де бұл жекпе-жекке қызығушылық танытпай отыр. Геннадий Флойд Мейвезерді нокаутқа жібереді, ал Андре Уордты техникалық нокаутпен жеңеді», дейді Санчес.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қараша күні Головкин америкалық Кертис Стивенспен қолғап түйістіреді. Жекпе-жекті Қазақстан және «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты – 07:45.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35