Геннадий Головкин 2014 жылы 4 кездесу өткізуді жоспарлаған
WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2014 жылы 4 кездесу өткізуді жоспарлаған.
Алғашқы жекпе-жегі 1-ақпанда Монте-Карлода өтеді деп белгіленген. Алайда, қарсыласы әлі анықталған жоқ. Боксшы биылғы жылы да 4 кездесу өткізген болатын.
19-қаңтарда америкалық Габриэля Росадоны, 30-наурызда жапониялық Нобухиро Ишиданы, 29-маусымда британиялық Мэттью Маклинді нокаутпен жеңген. Ал соңғысы 3-қараша күні Кертис Стивенске қарсы өтті. Головкин бұл кездесуінде де америкалық боксшыны нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, 31 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста 28 кездесу өткізіп, оның барлығын жеңіспен аяқтаған. Ол өзінің WBA тұжырымындағы чемпиондық атағын 2010 жылдан бері 9 рет қорғап қалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35