Геннадий Головкин Астанаға келді
Кәсіпқой бокста WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Астанаға келді.
Боксшының ағасы Максим Головкиннің айтуынша, атақты қарағандылық спортшының елге сапары ұзаққа созылмайды. Ол кейбір жеке және ресми мәселелер үшін келген. Головкин ел астанасында бірнеше күн аялдап, кейіннен Қарағандыға барады.
Еске сала кетейік, 3 қараша күні Головкин Кертис Стивенспен кездесіп, чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Нью-Йоркте өткен жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталып, қазақстандықтың пайдасына шешілген еді.
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Монте-Карлода 1 ақпанда өтпек. Қарсыластың есімі әлі белгісіз.
Қазіргі таңда қазақстандық боксшы 28 кездесу (25 нокаутпен) өткізіп, оның барлығын да жеңіспен аяқтаған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00