WSB. «Astana Arlans» - «Baku Fires»: 4-1 (ВИДЕО)
Алматыда өтіп жатқан WSB бәсекесінде шаршы алаңға соңғы болып ауыр салмақтағы боксшылар көтерілді. 91 келіде Василий Левит әзірбайжандық Абдулкадир Абдуллаевпен жұдырық түйістірді.
Қазақстандық боксшы WSB аясында алғашқы жекпе-жегін өткізгенімен, ол бірнеше атаққа ие. Оның ішінде Азия чемпионатының алтыны бар. Сонымен қатар, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.
Оның қарсыласы - әзірбайжандық Абдулкадир Абдуллаев та осал боксшы емес. Биыл әзірбайжандық боксшы үшін WSB –ның төртінші маусымы.
Ауыр салмақтағы қазақстандық-әзірбайжандық жекпе-жек жанкүйерлер қызығушылығын арттырды. Бірінші раундта Левит қарсыласын нокдаунға жіберді. Дегенмен әзірбайжандық боксшы табандылық танытты. Бес раунд бойы тартысты жекпе-жекте Василий Левит жеңіске лайық деп танылды.
Алматыда өткен бәсеке «Astana Arlans»-тың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 4:1.
Енді Сергей Корчинский шәкірттері 23 қарашада ресейлік боксшылармен кездеседі. Бұл бәсекеде ел намысын Олжас Сәттібаев, Самат Бәшенов, Мейірім Нұрсұлтанов, Данабек Сужанов және Филип Хргович қорғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35