Басты Жаңалықтар Поветкин Усикпен жұдырықтасуы мүмкін

Поветкин Усикпен жұдырықтасуы мүмкін

Поветкин Усикпен жұдырықтасуы мүмкін

Ресей боксшысы, Дүниежүзілік  бокс қауымдастығы (WBA) тұжырымы бойынша  экс-чемпион Александр Поветкин  украин боксшысы, Олимпиада чемпионы Александр Усикпен қолғап түйістіруі мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды gazeta.ru.
 
«Алдағы уақытта Усик менің кезекті қарсыласым болуы әбден мүмкін»,-  деді Поветкин. «Орыс витязы» Усиктің әуесқой боксшы кезіндегі  жеңістерін қадағалап  жүргенін және оған жанкүйер де болғанын айтты.
 
Александр Усик 91 келіге дейін салмақ дәрежесінде Лондон Олимпиадасының жеңімпазы болған. Биылдан бастап кәсіпқой боксқа бет бұрған Усик, қос Кличко басқаратын K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісім шартқа  қол қойды. Кәсіпқой рингте, 9 қарашада өткізген алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Фелипе Ромероны нокаутпен жеңді. 

Бөлісу