Мексика боксшыларымен айқасатын «арландар» белгілі болды
«Astana Arlans» бас бапкері Сергей Корчинский мексикалық боксшылармен қолғап түйістіретін жігіттердің есімін атады.
6-желтоқсан күні Алматыда «Astana Arlans» Мексиканың «Mexico Guerreros» клубын қабылдайды. Бұл жекпе-жекте «арландардың» бірінші бестігі шаршы алаңға шығады.
Атап айтсақ, 49 келіде Мардан Берікбаев жұдырықтасса, 56 келіде Мейірболат Тоитов шаршы алаңға шығады. 64 келіде Жәнібек Әжібай «арландар» сапындағы алғашқы кездесуін өткізуге дайындалуда. 75 келіде команданың көшбасшысы Сергей Деревянченкоға сенім артылады. Ал 91 келіде Василий Левит осы маусымдағы өзінің екінші жекпе-жегін өткізеді.
Бас бапкер Сергей Корчинский қосалқы құрамның боксшыларын да атай кетіпті. Яғни, аталған жігіттердің бірі жарақат алып, немесе сырқаттанып қалса онда оның орнын басқа бір боксшы алмастырады.
Қосалқы құрамда тұрған боксшылардың тізімі төмендегідей: Азат Хамзин (49 келі), Дидар Өтелбаев (56 келі), Асхат Уәлиханов (64 келі), Ерлік Әлжанов (75 келі), Арбек Әбдуғаниев (91 келі).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы