Басты Жаңалықтар Адама: Головкиннің барлық чемпиондық белбеуін тартып аламын

Адама: Головкиннің барлық чемпиондық белбеуін тартып аламын

Адама: Головкиннің барлық чемпиондық белбеуін тартып аламын

Ганалық боксшы Осуману Адама қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің  барлық чемпиондық белбеуін тартып аламын деп уәде берді

«Маған үздік боксшымен жекпе-жекке шығудың керемет мүмкіндігі туып тұр. Қазір жаттығуларымды бастап кеттім, 1 ақпанда Чикагоға Головкиннің барлық чемпиондық  белбеуін  алып қайтамын», - деді Адама.

«Ол өте қауіпті де күшті боксшы. Ол үнемі алға ұмтылып, шабылдап, соққыларды қарша боратады. Бірақ мен одан қорықпаймын, себебі мен де мықтымын және мықтылығымды осы жекпе-жекте дәлелдеймін. Мен өзіме өте сенімдімін»,-  деп қорытындылады сөзін ганалық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Осуману Адама арасындағы жекпе-жек 1-ші ақпанда Монте-Карлода өтеді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық мансабын оныншы рет қорғайды, ал IBO тұжырымы бойынша жетінші рет чемпиондығын қорғамақ.

 

Бөлісу