WSB. Мейірболат Тойытов жеңісті жалғастырды
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан WSB бәсекесінде қазақстандық «Astana Arlans» мексикалық «Mexico Guerreros» командасынан басым түсуде.
Мардан Берікбаевтің жеңісті жолын 56 келіде шаршы алаңға көтерілген Мейірболат Тойытов жалғастырды. Оның қарсыласы бұл турнирде бұрын-соңды қолғап түйістірмеген 19 жасар ацтек елінің өкілі Серхио Чирино Санчес болды. Мейірболат үшінші раундта мексикалық боксшыны бір рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен ұтты.
Мейірболат Тойытов өткен маусымда да Мексика боксшысын жеңген болатын. 23 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Дүниежүзілік бокс сериясы аясында бұған дейін өткізген үш жекпе-жектің екеуін жеңіспен аяқтаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35