WSB. Жәнібек Әжібай есе жіберді
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы Қазақстан-Мексика командаларының бәсекесі жалғасуда.
64 келі салмақта шаршы алаңғы Маңғыстау бокс мектебінің түлегі – Жәнібек Әжібай көтерілді. Ол - 2012 жылы Шоқыр Бөлтекұлы атындағы халықаралық турнирде топ жарды. Сол жылы Маңғыстау облысы құрамасында жұдырықтасып, Қазақстан Кубогының иегері атанған. Сонымен қатар, ел чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлады. Ал биыл Бакуде өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде күміс алқа тақты.
«Astana Arlans» құрамына қабылданған боксшы Алматы төрінде Дүниежүзілік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы - Кристиан Биела болды. Жәнібек Әжібай мексикалыққа сәл ғана ұпай айырмашылығымен есе жіберді. Жалпыкомандалық есеп - 2:1. «Astana Arlans» алда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45