WSB. Мардан Берікбаев қоржынға алғашқы ұпайды салды
Дүниежүзілік бокс сериясындағы «Astana Arlans» пен «Mexico Guerreros» кездесуін асыға күткендердің санында шек болмады. Жерлестеріміз бұған дейінгі екі кездесуде жеңіске жетсе, мексикалықтардың бірде-бір боксшысы бұл маусымда жеңіске жетпеген. Дегенмен мұхиттың ар жағынан келген мексикалық боксшылардың бұл кездесуге тас-түйін дайындық жүргізгені анық.
Бокс кешін ең жеңіл (49 келі) салмақтағы боксшылар ашты. Шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз Мардан Берікбаев пен оның қарсыласы Хосе Альберто Салета Рейес Дүниежүзілік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізді.
Алматы облысы бокс мектебінің түлегі, 23 жастағы Мардан Берікбаев бірнеше халықаралық турнирлерден жүлделі оралған. Бас бапкер Сергей Корчинский артқан сенімді ақтаған Мардан Берікбаев алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңімпаз деп танылды.
Еске сала кетейік, жекпе-жекке Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр. Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45