Басты Жаңалықтар Мартин Мюррей өзінің келесі қарсыласы ретінде Геннадий Головкинді көретінін жариялады

Мартин Мюррей өзінің келесі қарсыласы ретінде Геннадий Головкинді көретінін жариялады

Мартин Мюррей өзінің келесі қарсыласы ретінде Геннадий Головкинді көретінін жариялады

WBA тұжырымының орташа салмақтағы уақытша чемпионы деген атақтың иегері британиялық Мартин Мюррей  өзінің бұрынғы спарринг-партнері болған беларустық Сергей Хомицкийге қарсы өткізетін жекпе-жегінің алдында WBA тұжырымының осы салмақ дивизионының қазіргі чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин туралы ойымен бөлісті.

«Мен Головкинге қарсы жекпе-жектің  болғанын қалаймын. Ол  менің рингте көргім келетін қарсыласым. Ең жақсы спорттық бабымда мен кез-келген боксшыны, соның ішінде Головкинді де жеңе аламын», - деді ол.

Британдық боксшыны Головкиннің 2014 жылы 1 ақпанда өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы болады деген жорамалды көп басылымдар жазып еді. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы ретінде ганалық Осуману Адама таңдалды.

Айта кетейік, Мартин Мюррейдің (25-1-1, 11КО)   Сергей Хомицкийге (28-9-2, 11КО) қарсы жекпе-жегі  осы сенбіде, 14 желтоқсан күні Ұлыбританияда,  Лондонның «Эксель Аренасында» өтеді.

 

фотосурет boxnews.com.ua  сайтынан

Бөлісу