Ертең Шүменов шаршы алаңға шығады
Ертең, 14 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін бесінші рет қорғайды. Оның қарсыласы – 36 жастағы словак Тамаш Ковач.
Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін 2012 жылдың маусымында өткізіп, мексика боксшысы Энрике Орнеласты ұтты. Ал таяуда WBA қазақстандық боксшыға «суперчемпион» атағын берді.
Сонымен қатар, «Alamodome» кешеніндегі бокс кешінде Шүменов-Ковач кездесуінен бөлек, бірнеше қызықты жекпе-жектер өтеді. Рингте Эдриен Броунер мен Маркос Майдана, Кит Тёрман мен Хесус Сото Карасс, Лео Санта Крус пен Сесар Седа қолғап түйістіреді. Кеше боксшылар жекпе-жек алдындағы ашық жаттығуларын өткізді.
фото: allboxing.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35