WSB. Мирас Жақыпов vs Херардо Сервантес
Бүгін, 13 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші турында «В» тобының көшбасшылары - «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» командасы бәсекеге түсуде. Екі команда да бұған дейін өткізген үш кездесуінде жеңіске жеткен еді. Бұл жекпе-жектен кейін топ тізгінін жеке-дара ұстайтын команда анықталады.
Алдымен шаршы алаңға 52 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар көтерілді. «Astana Arlans» бапкері Сергей Корчинский Шығыс Қазақстан облысы бокс мектебінің түлегі – Мирас Жақыповқа сенім артты. Ол өткен маусымда WSB аясында бірталай тәжірибе жинақтаған болатын. Сонымен қатар Мирас Жақыповтың Астанада өткен Президент Кубогында Лондон Олимпиадасының чемпионы, кубалық Робейси Карразана Рамиресті нокдаунға жібергені белгілі.
Бұл жолы оның қарсыласы 20 жастағы Херардо Сервантес болды. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Үш төреші де Жақыпов басым болды деп бағалады. Есеп: 48-47, 48-47, 48-47.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00