WSB. Филипп Хргович vs Хосе Анхель Лардуэт
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан WSB додасында қазақстандық команда атынан аса ауыр салмақта тағы бір хорватиялық легионер - Филипп Хргович бокстасты. Бастапқыда бұл салмақта Руслан Мырсатаев жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Русланның сырқаттанып қалуына байланысты жекпе-жекке Филипп Хргович шығатын болды.
Оның қарсыласы – WSB дебютанты, 23 жастағы Хосе Анхель Лардуэт. Куба боксшысы 10 келіге ауыр болды. Бұл жекпе-жек хорват боксшының жеңісімен аяқталды. Қазақстандық легионердің бет қаратпасын түсінген куба боксшысының бапкерлері үшінші раундта ортаға орамал лақтырып, жекпе-жекті тоқтатуды өтінді.
Жалпы есепте «Astana Arlans» «Cuba Domadores»-тен 2:3 есебімен ұтылды.
«Astana Arlans» келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 2014 жылдың 10 қаңтарында «Polland Hussars» командасының боксшыларымен айқасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35