Басты Жаңалықтар Головкин – Гил жекпе-жегін НВО көрсетпек

Головкин – Гил жекпе-жегін НВО көрсетпек

Головкин – Гил жекпе-жегін НВО көрсетпек

HBO телеарнасы қазіргі уақытта  WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен австралиялық боксшы Дэниэль Гилдің (29-2, 15KO) жекпе-жегін тегін көрсету құқына ие болды.  Бұл туралы Дэниэль Гилдің промоутері Гэри Шоу мәлімдеді деп жазады BoxingScene.com.

Дэниэль Гил 19 ақпанда Австралияның Сидней қаласында Гарт Вудпен (12-3-1, 8KO) жұдырықтасады. Ал Головкин (28-0, 25KO)  1 ақпанда Осуману Адамамен (22-3, 16KO) болатын жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.

Головкин 26 сәуірде НВО-да жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Шоудың пікірінше, бұл уақыт екі боксшыға да қолайлы. Алайда боксшылар жекпе-жек өткізу туралы келісімге келген жоқ.

Австралиялық боксшының промоутері НВО-ның қазіргі уақытта өзге де нұсқаларды қарастырып жатқанын айтты. Дегенмен Головкиннің келесі қарсыласы Джеймс Киркланд болуы мүмкін деген ақпарат та бар.

Бөлісу