«Baku Fires» бас бапкері: Біз қазақ боксшыларынан мықтымыз
18 қаңтар күні Дүниежүзілік бокс сериясы шеңберінде «Baku Fires» пен «Astana Arlans» командалары кездеседі. Әзірбайжандық команданың бас бапкері Нурипаша Талыбов өз шәкірттерінің WSB чемпиондарынан мықты екенін айтты, деп хабарлайды Azerisport.com.
Бесінші турда кубалық боксшылардан жеңілгеннен кейін бас бапкер қазақстандық команда жөнінде мәлімдеме жасаған еді.
«Біздің келесі қарсыласымыз – «Astana Arlans». Мен Магомедрасул Меджидовтің көмегіне жүгіне алмаймын. Ол бұл кездесуге дайын емес. Арсланбек Махмудов соңғы жекпе-жекте жарақат алды. Гаджи Муртузалиевқа үміт артып отырмыз. Сонымен қатар, шаршы алаңға Эльвин Мамишзаде, Альберт Селимов, Магомед Нуриддинов және Рамазан Магомедов шығады. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетеміз», - деді Талибов.
Естеріңзге сала кетейік, Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші турында «Baku Fires» өз алаңында «Cuba Domadores»-тен ұтылды. Ал «Astana Arlans» сырт алаңда «Hussars Poland»-тан 4:1 есебімен басым түсті. Бұл маусымда қазақстандық команда әзірбайжандық боксшыларды өз алаңында жеңген болаты. Алматыда өткен жекпе-жек 4:1 есебімен аяқталды.
Сенбі, 18 қаңтарда Бакуде өтетін жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35