Головкин жекпе-жекке дейін көпшілік ортаға шықпайды
Қарағандылық Геннадий Головкин Осуману Адамамен өткізетін жекпе-жегіне дейін инфекциялық ауруларды жұқтырып алмау үшін адамдар көп жүретін ортаға шықпайды, деп хабарлайдыVesti.kz.
«Геннадий денсаулығына қатты көңіл бөледі», - дейді боксшының менеджері Олег Герман. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы қазір үлкен шаралар мен көпшілік ортаға шықпауды жөн көрген.
Естеріңізге сала кетейік, 31-жастағы боксшы 1-ақпанда Монте-Карлода Осуману Адамамен шаршы алаңда кездеседі. Бұл - Геннадий Головкиннің 2014 жылғы алғашқы кездесуі, ал кәсіпқой бокстағы 29-кездесуі болмақ.
Айта кетейік, Головкин-Адама жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35