Геннадий Головкин ганалық Осуману Адаманы техникалық нокаутпен жеңді
Әлемнің бокс сүйер қауымы бүгін назарын Монте-Карлоға тікті. Бұл күні Салле де Этоиле аренасында кәсіпқой бокс кешінің ең басты жекпе-жегінде WBO және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғады. Оған ганалық боксшы Осуману Адама қарсылас болды.
Спорт сарапшылары бұл жекпе-жектегі сөзсіз фаворит - Головкин деп болжаған еді. Қателеспепті. Қазақстандық боксшы ганалық жігітті аса қиналмай ұтты.
«1 ақпан - Головкин тұңғыш рет жеңілетін күн» деген Осуману Адама сөзінде тұра алмады. Головкинге бар болғаны 7 раунд қана төтеп бере алды. Адаманы 1-ші және 6-шы раундтарда нокдаунға жіберген Геннадий 7-ші раундта да бірнеше ауыр соққысын дарытқан соң, төреші жекпе-жекті тоқтатуды жөн санады.
Сонымен, Головкин өзінің чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Бұл - оның 29-шы жекпе-жегі. Ол барлық кездесуде жеңіске жетіп, 25 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.
Ганалық боксшы шаршы алаңда осымен 26 жекпе-жек өткізді. Бүгінгісін қосқанда төртінші рет жеңілістің дәмін татып отыр.
Г. Головкиннің келесі кездесуі осы жылдың 26 сәуірінде өтеді деп белгіленді. Әзірше қарсыласының кім болатыны анықталған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35