Головкин: Арманым - Мартинеспен жекпе-жекке шығу
WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин әлі де WBC белдігінің иегері аргентиналық Серхио Мартинеспен қолғап түйістіргісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Р-Спорт»-қа сілтеме жасап, vesti.kz хабарлады.
Ол өзінің Осуману Адамамен өткізген жекпе-жегі туралы айта келе, ендігі кезекте Серхио Мартинеспен күш сынасқысы келетінін айтты. «Мен өзімді өте жақсы сезініп жүрдім, көрсеткен өнеріме көңілім әбден толды. Бірінші раундтан бастап-ақ жекпе-жек мен үшін қолайлы болды. Күшім мен ұрыс жүргізу жылдамдығымның арқасында өзімді еркін сезіндім. Ол ауыр қарсылас, бірақ мен дода сәтінде еш қиындық сезінген жоқпын. Орташа салмақта кімнің шын мәнісінде мықты екенін анықтау үшін енді Серхио Мартинеспен жұдырықтасқым келеді», - дейді Г. Головкин.
Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 26 сәуірде Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге анықталған жоқ.
Ал Мартинестің кезекті жекпе-жегі де Нью-Йоркте өтеді, оның күні 7 маусым деп белгіленген. Егер тараптар барлық шарттарға келіссе, 38 жастағы аргентиналық боксшының қарсыласы пуэрторикалық Мигель Котто болады.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин ақпанның 1-нен 2-не қараған түнде Монакода өткен жекпе-жекте ганалық боксшы Осуману Адаманы 7 раундта техникалық нокаутпен ұтып, жеңіске қол жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дамир Марат «Тобыл» ойыншысы атанды
12.01.2026, 18:00
Александр Шевченко Аустралиядағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды
12.01.2026, 13:17
Александр Бублик ATP рейтингінде ресми түрде 10-орынға көтерілді
12.01.2026, 12:06
«Барселона» қатарынан екінші жыл Испания Суперкубогын жеңіп алды
12.01.2026, 10:28
Александр Бублик Гонконгтегі турнирде топ жарды
11.01.2026, 16:33
Киберспортшы Данил Голубенко әлем бойынша үздік ойыншылар қатарына енді
11.01.2026, 14:11
Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» ойыншысы атанды
10.01.2026, 19:20
Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті
09.01.2026, 18:55