Головкинді Тайсонға теңеді
АҚШ-тың беделді ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді аңызға айналған америкалық Майк Тайсонға теңеді. Осуману Адаманы жеңгеннен кейін, телеарна Головкин 1980 жылы ауыр салмақта қарсыластарын жолынан ығыстырған боксшы Майк Тайсонның деңгейіне жетті деп баға берді.
Қазақстандық боксшының спарринг-қарсыласы Ламар Русс оны «орта салмақтағы Майк Тайсон» деп атаған болатын. Көптеген қарсыластары да боксшының соққылары жойқын екенін мәлімдеді.
Ақпанның 1-нен 2-не қараған түні Монакода Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 30-шы жеңісін тойлады. Ол ганалық Осуману Адамына техникалық нокаутқа жіберді. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы – Серхио Мартинеспен жұдырықтасуды қалайтынын айтты.
GGG келесі жекпе-жегін 26 сәуірде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы Дэниэл Гил, Энди Ли немесе Джеймс Киркланд болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35