WSB. Мардан Берікбаев «арландарға» алғашқы жеңісті сыйлады
Бүгін,1 ақпан күні Дүниежүзілік бокс сериясы бәсекелерінің аясында «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы Ресейдің «Russian Boxing Team» командасымен жекпе-жек өткізуде. Бұл кездесу Алматының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтуде.
49 келі салмақта ресейлік Белик Галановпен Мардан Берікбаев жұдырықтасты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл салмақта «Астана арландарының» намысын Азамат Исақұлов қорғауы керек болатын. Алайда, бапкерлер кеңесе келе, Исақұловты Берікбаевқа алмастыруды жөн деп тауыпты.
Мардан Берікбаев бұл маусымда өткізген екі жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Ал Белик Галанов - Ресейдің үш дүркін чемпионы. Қос боксшы алғашқы раундта бір-бірін бақылап шықты. Ал екінші раундта Мардан Берікбаев қарсыласына бірнеше соққысын дарытты. Келесі кезеңдерде де басымдықты уыстан шығармаған қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, «арландарды» алға шығарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35