Василий Левит кездесуді қорытындылады - 5:0
Кездесу тағдыры шешілгенімен, жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына жиналған жанкүйерлердің көңілінен шықты. Бұл маусымда жігерлілігімен жанкүйерлерді қуантып жүрген Василий Левит тағы бір тамаша жекпе-жек сыйлады. Ол ресейлік Алексей Егоровты жойқын соққының астына алды.
Қостанайлық боксшы кезекті кездесуін жеңіспен аяқтай отырып, бүгінгі бокс кешін қорытындылады. «Астана арландары» «Russian Boxing Team» командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
Бүгінгі бәсекеде басты қарсыластарын жеңе отырып, үш ұпай жинаған Сергей Корчинский шәкірттері «B» тобындағы екінші орнын нығайта түсті. Ал әзірбайжандық «Baku Fires» командасы бұл турда мексикалық боксшылардан ұтылып қалды. «Астана арландарының» келесі жекпе-жегі 8 ақпанда өтеді. Боксшыларымыз сырт алаңда «Mexico Guerreros» командасымен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35