Қанат Ислам WBA рейтингісінде 11-орынға көтерілді
29 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Астана арландарына» қайтып келуден бас тартты. Клубтың бас директоры Болат Манкеновтің айтуынша, Қанат Исламмен келіссөздер жүргізілген, алайда, боксшы кәсіпқой бокста қалу жөнінде шешім қабылдаған.
«Қанатқа біздің есік қашанда ашық. Біз олармен сөйлестік. Алайда ол, кәсіпқой бокста қаламын деп шешті», - дейді Манкенов.
Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс сериясының екінші маусымында «Астана арландары» құрамының капитаны болған еді.
2012 жылдан бері ол кәсіби бокста. Осы аралықта боксшы 16 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады . Спортшы WBA Federcaribe нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын алған.
Қанат Ислам соңғы кездесуінде доминикандық былғары қолғап шебері Базилио Силваны жеңіп, WBA рейтингісінде 11-орынға көтерілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35