Владимир Кличко Олимпиадаға қатыса алмайтын болды
Аса ауыр салмақтағы танымал украиналық боксшы Владимир Кличко 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды.
Бұған дейін Украина бокс федерациясы Владимир Кличконы жарысқа жібермейтінін мәлімдеді. Алайда, боксшы Олимпиада ойындарына Германия құрамасы сапында бара алатын еді. Дегенмен, спортшы бұл бастамадан бас тартқан.
«Кличко 2013 жылдың қарашасына дейін Германия азаматтығын алуы тиіс еді. Алайда, ол бұл қадамға барған жоқ», - дейді Германия бокс федерациясының директоры Михаэль Мюллер.
Дегенмен Украина бокс федерациясы Владимир Кличкоға қатысты өз ұстанымдарын жариялаған жоқ. Ал боксшы өткен жылы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін жеткізді.
AIBA-ның жаңа ережесі бойынша кәсіпқой боксшылар Олимпиада ойындарына қатыса алады. Ол үшін арнайы шарттардан өтуі тиіс.
Айта кетейік, сәуір айының соңында Владимир Кличко чемпиондық атағын қорғайды. Германияда өтетін жекпе-жекте оның қарсыласы – австралиялық Алекс Леапаи, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35