«Team Germany» - «Астана арландары» 2:3
Дүниежүзілік бокс сериясының ширек финалындағы «Team Germany» мен «Астана арландары» кездесуінің соңғы жекпе-жегінде 91 келі салмақтағы боксшылары шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жекте Василий Левитке германиялық Артур Манн қарсылас атанды. Манн топтық кезеңде екі рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен.
Ал әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Василий Левит топтық бәсекеде өткізген төрт жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы да қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз пайдасына шешілді. Василий Левит кезекті жеңісіне қол жеткізіп қоймай, ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Астана арландарына» жеңіс әкелді. Қорытынды есеп: «Team Germany» мен «Астана арландары» 2:3.
Бұған дейін Мейірболат Тойытов пен Асхат Уәлиханов қарсыластарына есе жібергенімен, Теміртас Жүсіпов пен Сергей Деревянченко өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.
«Team Germany» мен «Астана арландары» арасындағы қарымта кездесу 5 сәуірде Алматыда өтеді. Бұл кездесуде шаршы алаңда «Астана арландары» сапынан Мирас Жақыпов (52 келі), Самат Бәшенов (60 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (69 келі), Данабек Сужанов (81 келі) және Руслан Мырсатаев (+91 келі) жұдырықтасады. Сонымен қатар, қосымша жекпе-жекке қажет болған жағдайда Ілияс Сүлейменов шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00