Бекзат Саттарханов туралы фильм экранға шығады
2014 жылы бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов туралы «Бекзат» фильмі экранға шығады, деп жазады Vesti.kz.
Фильмнің режиссері Ермек Шахмет қаңтарда түсірілімнің басталғанғын айтты. Жобаға 60 актер тартылған. Фильмнің тұсаукесеріне дейін көрермен оның трейлерін көре алады.
«Біз қазақ спортының аңызына айналған Бекзат Саттарханов туралы фильм түсіріп жатырмыз. Туындының тартымды боларына сенімдіміз. Фильмді спортшының 35 жасқа толуына орай шығарсақ деген жоспар бар»,-дейді режиссер.
Басты рөлге жас актер Асылхан Төлепов шақырылған. Оған Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов көмектескен.
Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы 20 жасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқ етіп, чемпион атанған болатын. Дарынды спортшы сол жылы, 31 желтоқсанда жол апатынан қаза тапты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45