Бекзат Саттарханов атындағы бокс турнирі 4 сәуірде аяқталады
Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық ХІІІ турнир жалауын көтерген болатын.
Дәстүрлі бәсекеге еліміздің барлық облыстары мен Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресейден келген 200-ге жуық жас спортшылар қатысуда.
«Бекзатты еске алуға арналған сайыстың маңыздылығы жас спортшыларымыздың әлеуетін байқауға үлкен септігін тигізеді. Себебі, былғары қолғап киген өрендеріміз тек ел іші емес халықаралық деңгейде бақтарын сынайды», - деді Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков.
Халықаралық бәсеке Бекзаттың туған күні, 4 сәуірде мәресіне жетеді, деп хабарлайды ontustik.gov.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00