Қайрат Ерәлиев «алтын», Жәнібек Әлімханұлы «күміс» алды
Өткен аптада Финляндия мен Польшада өткен бокстан екі халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы саны 8 медаль (4 алтын, 1 күміс, 3 қола) жеңіп алды.
Хельсинкидегі «GeeBee» турнирінде Қайрат Ерәлиев (56 келі), Айдар Әмірзақов (64 келі), Асқар Абдуллаев (91 келі) қарсыластарын айқын ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) «күміс», Әділет Құрметов (52 келі) «қола» еншіледі.
Ал Варшавадағы «Феликс Штамм» турнирінде 49 келі салмақта Жомарт Ержан «алтын» алды. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллиннің айтуынша, ол барлық кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген. Рүстем Сыбаев (75 келі) мен Алексей Севастьянов (91 келі) қоржынға қола медаль салды.
Бұл турнирде қазақстандық команда ерлер арасында 6 салмақта, ал әйелдер бағдарламасы бойынша 3 салмақта сынға түсті.
Ержан Ордабаев (56 келі), Дархан Жұмсақбаев (60 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі), сонымен қатар, Жайна Шекербекова (51 келі), Гүлжайна Уббиниязова (64 келі) мен Марина Вольнова (75 келі) іріктеу кезеңінде сүрінді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00