Шүменов – Хопкинс жекпе-жегін «KAZsport» тікелей эфирде көрсетеді
Сенбі, 19 сәуірден 20 сәуірге қараған түні Вашингтонда бокс кеші өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта (79,4 келі) WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық Бейбіт Шүменов пен WBC, WBA, WBO, IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы, IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, америкалық Бернард Хопкинспен жұдырықтасады.
Бокс кешін «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Трансляция Астана уақыты бойынша түнгі сағат 03.00-де басталады. Ал жексенбі күні, 12.10-да «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қайталайды.
Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, оның 9-да қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал оның қарсыласы Бернард Хопкинс шаршы алаңға 64 рет шығып, 32 рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. 49 жастағы америкалық кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 1988 жылы өткізген. Ол кезде Бейбіт небәрі бес жаста болған.
Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шүменов өткен жылдың аяғында словак Тамаш Ковачпен кездесіп, чемпиондық атағын қорғап қалған еді. АҚШ-тың Сан-Антонион қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35